Атырау, 30 қыркүйек 08:33
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: полицейлер ауылдағы "толқу" туралы ақпаратқа жауап берді

776 просмотра

Түркістан облысының полицейлері Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өлімінен кейін болған "толқу" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында қызды өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде ауыл тұрғындары оны полицейлерден алып қалмақ болғанын жазған. Журналист жариялаған кадрлардан олардың полиция көліктері артынан жүгіргені көрінеді.

Мұны әлеуметтік желілердегі басқа кадрлар да растайды.

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты деп хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға орнына облыс прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы, жедел-тергеу тобы барған.

"Қазіргі уақытта тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарымен ақсақалдар, құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кездесті. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жарияланбайды. Бұл ретте азаматтардан тек ресми деректерге сенуді сұраймыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", - деді полиция өкілдері.

14 шілде 2023, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.