Атырау, 30 қыркүйек 08:38
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан азаматтығын алған Ресей спортшыларының қатары артты

579 просмотра

Өткен жылдан бері ресейлік 10 спортшы Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы «Холод» басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанға 10 спортшы көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған. Ал 204 спортшы спорттық азаматтығын өзгерткен немесе өзгертуге ниетті. Бұл көрсеткіш спорт азаматтығын өзгерту туралы хабарламаларды, жарысқа қатысушылар туралы ашық деректерді, сондай-ақ спорт федерацияларының тізімдерін сараптай отырып жасалды»,—делінген хабарламада.

Қазақстан құрамасына ауысуға өтініш білдіргендер қатарында конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегері Елизавета Голубева мен Ресей чемпионы Кристина Силаева да бар.

14 шілде 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.