Бүгін, 13 шілде күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында кәріз құдығын тазалау кезінде екі жұмысшы қаза болған.
Бұл оқиға таңертең болған. "Жылыойсу" КМК жөндеу бригадасы тереңдігі шамамен 7-8 метр болатын кәріз құдығын тазаламақ болған. 63 жастағы учаске бастығы мен 47 жастағы слесарь көз жұмды. Метан газына уланды ма, әлде басқа басқа себептер болды ма, әзірге белгісіз.
Бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр, сараптама тағайындалған.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА