Атырау, 30 қыркүйек 08:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар үш жүлде алды

494 просмотра

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді.

Жарыстың екінші күні, 13 шілдеде әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті.

Құрлықтық додада Сания Солтанғали (39 келі) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде алды.

Ал Фарида Абдрахманова (50 келі) қола жүлдеге қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль алды.

13 шілде 2023, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.