Атырау, 23 қараша 18:24
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түрікменстан шенеуніктері қайыршыларды тасаға тығып жатыр

620 просмотра

Түрікменстанның Балқан уәлаятының билігі "президент беделіне дақ түсірмесін" деп көшедегі қаңғыбастар мен қоқыс жәшігін ақтарып жүрген қайыршыларды қамауға кіріскен, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Арнаулы топтар негізінен ірі сауда орталықтарының, "Түрікменбашы" және "Чарлак" қонақүйлерінің және "Кенар" базары маңын сүзіп шыққан. Құрамына төрт полицей және ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкері кіретін топтар қала ішін микроавтобустармен аралаған.

"Олар жас па, кәрі ме, бала ма, мүгедек пе қарамайды, автобусқа сүйреп сала береді",- дейді жергілікті тұрғын Азатықтың Түрікмен реадкциясына.

Билік бұл әрекетін ресми түсіндірмеген, бірақ жергілікті билік өкілдерінің бірі "қайыршылар президент беделіне кір кілтіреді" деген.

"Қазір жағалауда адам көп. Ішінде шетелдіктер де бар. Шенеуніктер жәшіктен қоқыс теріп жүрген қайыршылар президентттің беделіне кір келтіреді деп санайды, сондықтан көзден таса жерге әкетіп жатыр. Жоғарыдан бұйрық түскен" дейді ол.

Түрікменстанда қайыр тілеп жүргендер арасында күнкөрісі нашар мүгедектер де бар.

"Мен екі аяғым істемейтін бірінші топтағы мүгедекпін. Жұмысқа жарамаймын. Айына 600 манат зейнетақы аламын. Тек дәріме ғана маған айына 3 мың манат керек.Сонда қалай өмір сүремін?,- дейді Түрікменбашы базары маңында қайыр сұрап отырған әйелдің бірі.

Түрікменстан экономикасының тығырыққа тірелгеніне алты жылдан асқан. Жаппай жұмыссыздық көбейіп, халықтың күнкөрісі күрт төмендеген. Алайда түрікмен билігі мұны мойындамағысы келмейді.

13 шілде 2023, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.