Атырау, 30 қыркүйек 08:33
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"Әзірге ешкімге тиіспейміз" - ІІМ заңдастырудан өтпеген көлік иелеріне ескерту жасады

674 просмотра

Ішкі істер министрлігі заңдастырылмаған көлік иелеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 1 шілдеге дейін заңдастыру рәсімінен өтіп үлгермеген көлік иелеріне 17 шілдеге дейін мүмкіндік берілгенін айтты.

"17-сіне дейін оларға мүмкіндік бердік, өйткені бұл көліктерді уақытша тіркеуге алу үшін қосымша тіркеу қызметін әзірледік. 17-сінен бастап бұл қызмет толық қарқынмен жұмыс істейді", - деді ол ОКҚ брифингінде.

Сұлтанбаев 17 шілдеде көлік иелері арнайы ХҚКО-ға барып, Қазақстанның барлық аймағында көліктерін уақытша тіркеуге қоя алатынын атап өтті.

"Оларға бір ай бойы ешқандай шара қолданбаймыз. Біз автокөлік иелеріне көліктерді тіркеуге және уақытша есепке қоюға мүмкіндік береміз. Бірақ бұл тағы жүру керек дегенді білдірмейді, қайтадан соңына дейін созып, бұл мәселені шешпей. 17-сінен бастап арнайы ХҚКО-ға барып, есепке қою қажет болады, осы іс-шаралар аяқталғанға дейін, әзірге ешкімге тиіспейміз. Біз уақытша есепке алу бойынша тіркеуді аяқтаған кезде, шетелдік мемлекеттік белгілері бар автокөлік мінген жүргізушілерге қатысты шаралар қабылдай бастаймыз", - деп түйіндеді ол.

13 шілде 2023, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.