Атырау, 30 қыркүйек 08:41
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Абай облысында бір айдан астам уақыт жанған алапат өрт толық сөндірілді

584 просмотра

Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Семей Орманы» МОТР ақпараты бойынша өрт бүгін сағат 13-00-де толығымен сөндірілді.

«Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га құрады. Тартылған күштер мен құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусымда сағат 21:00-де оқшауланды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды.

«Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді. Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшаулануы хабарланатынын атап өткен жөн. Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі», - дейді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, Абай облысындағы өрт 8 маусымда тұтанған болатын. Өрт салдарынан «Семей Орманы» республикалық МК 14 қызметкері, сонымен қатар жергілікті тракторшы қаза тапты. Өртті сөндіруге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам мен техника жұмылдырылды.

11 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

14 маусымда ТЖМ өрттің оқшауланғанын мәлімдеді.


13 шілде 2023, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.