Атырау, 30 қыркүйек 08:40
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жемшөп, жеміс-жидек және көкөніс өсірушілерге 6% лизинг беріледі

667 просмотра

Отандық жемшөп, жеміс-жидек және көкөніс өндірушілер ендігі уақытта техниканы 6%-бен лизингке ала алады. Бұл жайында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл маусымда біз «Өз жемшөбіміз» (жем өндірушілер үшін) және «Жасыл өнім» (жеміс-жидек, көкөніс өндірушілер үшін) жеңілдетілген бағдарламасын бастадық. Ол бойынша фермерлерге бұрынғы бағдарламалармен салыстырғанда үлкен жеңілдік жасалып отыр. Яғни жылдық 6% және 15% аванс. Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін. Аталған шара фермерлерге түсетін қаржылық жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. Сәйкесінше шаруашылықтардың қарқынды дамуына мүмкіндік береді», – деді Айдар Прашев Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесі барысында.

Оның айтуынша, компанияның басқа да бағдарламалары бар.

«Оның ішінде «Экспресс-лизинг» (ең аз құжатпен өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады), «Мастер лизинг» (бір жыл ішінде берілген өтінім негізінде техниканы лизингке құжаттар пакетін қайта ұсынбай алу мүмкіндігі). Сондай-ақ, «Сенімді фермер» адалдық бағдарламасы қарастырылған», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін-ертең Ақмола облысында дәстүрлі «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.

13 шілде 2023, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.