Атырау, 30 қыркүйек 10:25
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Оралда World Money өкілдері қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

478 просмотра

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «World Money» компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Агенттік мәлемтінше, компанияның міндетті шарттарының бірі 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы тарту болған.

«2023 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде қаржы пирамидасына 130 адам тартылған. Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді», - делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз», - деп ескертеді ведомтсо өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

13 шілде 2023, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.