Атырау, 30 қыркүйек 10:29
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматыда Александр Невскийге ескерткіш орнатылды

546 просмотра

Бүгін Қазақстанның Православие Шіркеуі Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуын және Қазақстан Респбликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мерейтойлық күндердің құрметіне Александр Невский соборының аумағында Ресейдегі әулиелер санатына жататын және еуразиялық кеңістік халықтары арасындағы байланыстарды орнатуға және славян мен түркі халықтары арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан князь Александр Невскийге ескерткіш орнатылды.

Кішіпейіл тақуа, діни сенім қамқоршысы, бейбітшілік пен келісімнің хабаршысы ретінде бейнеленген, қоладан құйылған Александр ескерткішінің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар.

Атаулы оқиғаға орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл өз құттықтауларын жолдады. Екі елдің көшбасшылары Князь Александрдың ізгі миссиясы мен бітімгершілік күш-жігерін, оның Еуразия кеңістігінде ұлтаралық және дінаралық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шараға дәстүрлі конфессиялардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресейдің қоғам және саяси қайраткерлері, Қазақстан Православие Шіркеуінің архипастырлері қатысты.


13 шілде 2023, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.