Атырау, 30 қыркүйек 10:31
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі: "Әскери құрылыста" миллиондаған теңге ұрланды

819 просмотра

"Әскери құрылыс" АҚ-ның бұрынғы президенті Е.Тәжиденов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларының қатысы жоқ, деп хабарлайды Sputnik ведомствоға сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталғанын мәлімдейміз. Қазір қылмыстық жауапқа тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды", - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.

Ведомство кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бірқатар қатаң шара қабылдаған. Атап айтқанда, "Әскери құрылыс" АҚ басшылығы толық ауыстырылды, ведомствоға бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілді.

Министрлік бюджетін қаражатын 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары жымқырғанын атап өтті.

"Барлық заңбұзушылық бойынша жедел ақпараттандыру мен тергеу шаралары сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен қолға алынды. 2022 жылдың басынан бері "Әскери құрылыс" АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ден аса компания медиативтік келісімдерге қол қойды. Кәсіпкерлер алдындағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Антикор "Әскери құрылыс" АҚ экс-президенті Е. Тәжиденов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағаны хабарланды.

11 адам қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Олардың арасында Тәжиденовтің туған ағасы мен жиені, қарамағындағы қызметкерлері бар.

Фигуранттар 596 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

13 шілде 2023, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.