Атырау, 30 қыркүйек 10:14
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Есірткі сатумен айналысқан күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

488 просмотра

Есірткі сатумен айналысты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 13 шілде күні Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген ер адамды экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

13 шілде 2023, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.