Атырау, 30 қыркүйек 10:24
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Конференция лигасы: «Тобыл» Финляндияның «Хонка» командасымен кездеседі

528 просмотра

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу 12 шілдеде Қостанайдағы орталық стадионда елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Хонка» 1957 жылы құрылған. Финляндияның вейккауслигасында (жоғарғы лигасы) 2008, 2009, 2013 жылдарда күміс жүлдегер атанса, 2019 жылы қола жүлдеге қол созды.

Еурокубок ойындарына алғаш рет 2007 жылы қатысты. Сол жылы Интертото кубогында сынға түссе, одан кейін UEFA кубогы, Еуропа лигасында бақ сынады.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 20 шілдеге белгіленген.

Ал «Тобыл» еурокубок ойындарында алғаш рет 2003 жылы бақ сынады. Әзірге топтық кезеңге шыға алмай келеді.

Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында Швейцарияның «Базель» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 27 шілде және 3 тамыз күндері болады.

Еске салсақ, «Астана» Чемпиондар лигасында грузиялық «Динамомен»тең түсті.

13 шілде 2023, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.