Атырау, 4 маусым 01:57
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Қазақстанда білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

663 рет қаралды

Қазақстанда ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады", - делінген хабарламада.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуал қабылдау комиссиясы жұмыс істейтіні айтылды. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

13 шілде 2023, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.