Атырау облысф әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ Атырауға ресми сапармен келген Литваның Қазақстандағы Елшісі Гинтаутас ВАСЮЛИСТІ қабылдады.
Ж.Бисембиев мейманға ілтипат білдіре отырып, Атырау облысының Литвамен арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы нығайып келе жатқанын атап өтті. Ол жергілікті басшылық маңызы бар ұсыныстар мен жобаларды әркез қолдайтынын айтты.
Кездесуде туризм, көлік, логистика және құрылыс салаларын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау облысының Литвамен сыртқы сауда айналымы 222,8 млн АҚШ долларына жеткен (экспорт көлемі 222,6 млн.АҚШ долларын, импорт 200 мың АҚШ долларын құрады).
Жиыннан соң қос тарап Атыраудағы Литва Құрметті консулдығының ашылу салтанатына қатысты. Елшілік ғимараты Студенттер көшесі, 52-үйде орналасқан. Атырау облысындағы Литваның Құрметті консулы лауазымына Болат БУШАНОВ тағайындалды. Оған Гинтаутас Васюлис салтанатты түрде мөр табыс етіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер