Атырау, 22 желтоқсан 07:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді

1 122 рет қаралды

Биылғы 5 айда Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.

«Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген», - деп жазды ведомстводан.

12 шілде 2023, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.