Атырау, 30 қыркүйек 10:27
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаевтың ескертуінен кейін министрлерден демалысқа шығу жоспары сұралды

600 просмотра

Үкімет кулуарында журналистер министрлерге демалысқа шығу жоспары туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жоспар бойынша демалысқа шықпақ.

"Демалысқа жалпы жоспар бойынша барамын, премьер-министрмен келісілген. Жылыту маусымы бойынша орталық мемлекеттік орган, атап айтқанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындық үшін барлық қажетті жұмыстарды жасады", - деп жауап берді Қарабаев.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қызметіне кіріскеннен бері, яғни 2022 жылдың қаңтарынан бері еңбек демалысына шықпаған. Оның айтуынша, бұл жолы да шықпайды.

"Әзірге биыл демалысқа шығу ойым жоқ. Былтыр да барған жоқпын", - деді министр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев та жақын арада еңбек демалысына шықпайды. Бұл түсінікті: ол бұрын өзі айтқандай Қазақстан қалаларындағы жылумен қамту нысандарын аралайды.

"Мен де әлі демалысқа шықпаймын. Қандай да бір кестені үкімет бекітеді", - деп жауап берді шенеунік.

12 шілде 2023, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.