Атырау, 6 қараша 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Тоқаев Маңғыстаудағы тұщы су мәселесін жедел шешуді тапсырды

572 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының тұщы су тапшылығына қатысты арыз-шағымына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, судың жетіспеушілігі тәулігіне 77 200 текше метрді құрайды. Ауызсудың тапшылығы, әсіресе, жаз мезгілінде қатты сезіледі.

Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде су тұшыту зауыттары мен қондырғылардың құрылысы жүргізілуде.

Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта «Каспий» су тұшыту зауытындағы істен шыққан сорғы қондырғысының жөнделіп жатқанына байланысты аудандағы су беру мөлшері тәулігіне 13 мың текше метрден 10 мың текше метрге дейін азайған.

Осы мақсатта Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды. Бұл ауызсу беру мөлшерін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

12 шілде 2023, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.