Атырау, 30 қыркүйек 10:23
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Аптап ыстыққа байланысты екінші күн қатарынан бүкіл Қазақстанда ескерту жарияланды

619 просмотра

Қазгидромет синоптиктері 12 шілде, сәрсенбіде бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында - 15-20 м/с. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде - 35-36 градус қатты ыстық. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12-14 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 12-13 шілде аралығында 35-37 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

12-13 шілде күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық болады. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде - 35-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік- батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с шамасында. Өңірдің солтүстігінде, батысында 40-42 градус өте қатты ыстық бар, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында - дауыл, бұршақ. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында, солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың солтүстігінде - жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде - төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 12-13 шілде аралығында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

12 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте күндіз - 40 градус қатты ыстық.

12 шілде 2023, 07:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.