Атырау, 27 қараша 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жағада ішімдік ішу жақсылыққа апармайды. Балаларды қадағалаңыз!

1 322 просмотра

Жаз ортасына келіп қалды. Балалар жазғы демалыста, ойнап, суға шомылуға кірісіп кетті. Су айдындарында шомылу кезеңінде балалардың қауіпсіздігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының назарында.

Шомылу маусымы басталғалы бүгінге дейін 8 адам қаза тапты, оның 2-уі бала (Атырау қаласы – 4, Қызылқоға ауданы – 3, Құрманғазы ауданы -1).

Талдау көрсеткендей, ересек тұрғындардың әліне қарамай және мас күйде суға түсу салдарынан орын алады. Ал кәмелетке толмағандар ата–анасының, туыстарының қараусыз қалдыруы себебінен қазаға ұшырап жатады. Балаларды үнемі бақылап отыру қажет. Құқық бұзушыларға суда шомылу маусымы басталғалы ӘҚБтКнің 364-бабы («Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу») мен 440-бабы («Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде жүру») бойынша 191 хаттама толтырылды.

Рейд барысында құтқарушылар тұрғындарды "жабайы жағажайларда» суға шомылуға болмайтынын ескертіп, арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береді. Қаламызда осындай екі орын бар - бұл орталық ДСК жанындағы ресми жағажай және Жилгородоктағы «Малибу» жағажайы.

ТЖД ата-аналарды балаларын жағажайда қатаң қадағалауға және алкогольдік ішімдіктерді ішпеуге кеңес береді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған сурет

13 шілде 2023, 01:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.