Атырау, 27 қараша 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда мейрамхана клиенттерге заңсыз ауланған бекіреден тағам дайындап келген

1 780 просмотра

Атырауда облысында браконьерлікпен айналысып бекіре аулап келген кәсіпкер жазаға тартылды. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті табиғат қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл заңсыз балық аулаудың алдында алу мақсатында өткен акция барысында Атырау облысында мейрамхана иесі бекіре тұқымдас балықтарды клиенттерге ұсынып келгені анықталды. Кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Біздің жедел іс жүргізу бөлімшесінің мамандары осы секілді ақпарат келіп түскен жағдайда шұғыл операцияларға қатысады. Тиісінше айыпты қолданыстағы заң аясында жауапкершілікке тартылады», - деді Әлішер Жармағамбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, жыл басынан бері Атырау, БҚО және Маңғыстау облысында жүргізілген рейдте 70 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

11 шілде 2023, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.