Атырау, 27 қараша 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Спорт жаңалықтары

1 238 просмотра

Анкарада таэеквондодан Turkish open G-2 ірі халықаралық турнирі өтті, оған осы спорт түрінен жетекші елдер құрамасынан үздіктер қатысты.

Мұнда атыраулық спортшы Малика Мұрат (суретте – оң жақта) қола медаль жеңіп алды. Маликаны Ерлан Алагөзов пен Орынбасар Бершиев жаттықтырады. Алда қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына ҚР Кубогының іріктеу додасы бар.

* * * * *

Болгарияның Варна қаласында кекушинкай каратэ-додан әлем кубогы өтті.

Мұнда атыраулық спортшы, «Намыс» спорт клубының түлегі Глеб Повстянко күміс алқа жеңіп алды.

* * * * *

Алматыда жекпе-жек өнерінің ең әсерлі және тиімді түрлерінің бірі – комбат джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Татамидегі додаға 16 елден 500-ден астам спортшы қатысты.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орында, Түркіменстан мен Қырғызстан құрамасы тиісінше 2 және 3-орындарда. Аса ауыр салмақта атыраулық Серік Алдабергенов ең мықты джитсер болды.

* * * * *

Талдықорғанда муай-тайдан ел чемпионаты өтті.

Оның қорытындысы бойынша «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушілері Аделина Гатиятуллина (алтын медаль), Наби Көркем (күміс) және Давид Абакумов (қола) әлем чемпионатына қатысу үшін ҚР құрамасына қосылды.

* * * * *

Қостанайда кір тасын көтеруден ҚР чемпионаты өтіп, оған еліміздің 13 облысынан 200-ден астам спортшы қатысты.

95 келіге дейінгі салмақта атыраулық Досқали Досқалиев күміс, 90 келіге дейінгі салмақта Ришат Ғалиахметов те күміс, тағы бір жерлесіміз Айбол Мұханбетов қола жүлдегер атанды.

* * * * *

Талдықорғанда ҚР мемлекеттік қызметшілерінің спартакиадасы өтті.

Қазақ күресінен өткен жарыста 90 келіге дейінгі салмақта Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов чемпион атанса, 74 келіге дейінгі салмақта Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекбол Әбуов күміс медальді жеңіп алды.

Тоғызқұмалақтан жалпы ұпай саны бойынша атыраулық қатысушы Айзада Жұмахметова алтыннан алқа тағынса, Асқар Ақтаев қола жүлдені еншіледі.

Спартакиада қорытындысы бойынша Атырау облысының командасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

* * * * *

Монтаржис қаласында (Франция) таеквондодан халықаралық рейтингтік турнир өтті.

Мұнда бірден үш атыраулық спортшы – Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін) және Нұрай Хусайынова (67 келіге дейін) алтын алқа жеңіп алды. Ал Айдана Еділбаева (46 келіге дейін) қола алқа еншіледі.

* * * * *

Алматыда жасөспірімдер арасында бокстан Д.А.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Бас бапкер Айбек Нсанбаев бастаған Атырау облысының құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Турнирде Әлихан Қанатұлы (42 келіге дейін), Амантай Мирас (63 келіге дейін) және Амантай Мансұр (66 келіге дейін) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, А.Қанатұлы «Үздік техника үшін» жеке сыйлық иеленді.

* * * * *

Отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының финалдық кездесуінде Қытай құрамасын 3:2 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алды.

Айта кетерлігі, ұлттық құраманың жартысынан көбі атыраулық спортшылар.

11 шілде 2023, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.