Атырау, 6 қараша 04:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алу: Айыпталушыларға сот үкімі шықты

902 просмотра

Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша бес айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға үкім шығарды:

Әйгерім Тілеужанова – 4 жылға, Қалас Нұрпейісов - 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылдан арқалады.

Тілеужанова мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен «КазАэроНавигация» РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылық, өртеу, мүлікті қирату және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздікке (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Бұған дейін прокурор қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменовке әуежайды басып алды деген айып тағылған.

Бұған дейін Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Судья сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.

11 шілде 2023, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.