Атырау, 30 қыркүйек 10:20
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

IT-Aiel бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдер қабылданып жатыр

1 536 просмотра

Astana Hub ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT-де өз карьерасын бастағысы келетін әйелдер арасында өтінім қабылдау басталғанын жариялайды.

18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын тегін оқып және де Upwork халықаралық фриланс алаңына шыға алады.

It-Aiel бағдарламасында IT-мамандықтарды тегін оқып, әйелдер қашықтан жұмыс істей алады және отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде онлайн форматта өтеді және 1 тамызда басталады. 15 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеріңіз.

Толығырақ профиль сипаттамасындағы сілтеме бойынша қол жетімді: https://education.astanahub.com/itaiel

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

13 шілде 2023, 01:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.