Атырау, 27 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Клиенттерді алдаған турагенттік басшысы бес жыл жаза алды

1 240 просмотра

Атырауда 2 қалалық сотында «INFINITY TRAVEL M» туристік агенттігінің директоры Марта НАМДЫ 30 миллион теңгені иемденгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді.

Еске салсақ, былтыр жазда Атыраудың жиырмадан астам тұрғыны осы туристік агенттіктен шетелде демалуға жолдама сатып алған, бірақ сапарлары орындалмай, агенттік басшысы 42 жастағы М.Нам «көкжиектен ғайып болған» еді. 2022 жылдың 26 тамызында алданған 23 клиент қалалық полиция басқармасына ұжымдық арыз жазып, қылмыстық іс қозғалып, енді үкім шығып отыр.

Айнұр САПАРОВА

11 шілде 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.