Атырау, 30 қыркүйек 10:18
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев Қасымбекке бір жыл уақыт берді

504 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке елордадағы жағдайды жақсартуға бір жыл уақыт берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керек. Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.

Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс.

Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін", - деді Тоқаев.


11 шілде 2023, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.