Атырау, 23 қараша 18:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңтүстік Африкада қар жауды

746 просмотра

Оңтүстік Африканың ең үлкен қаласына соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды, деп хабарлайды NEGE.

Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында қар жауды. 

Шілде - Оңтүстік жарты шарда қыс айы болып есептеледі, бірақ мұнда 10 жылдан бері қар жаумаған. Жергілікті билік оңтүстік африкалықтарға жылы киінуге кеңес берді. Өйткені қар еріп кетсе де бір апта күн салқын болуы мүмкін. 

Йоханнесбург пен Преторияда температура нөлден төмен түсіп кеткен.

«Әзірге жауған қар үлкен қиындықтар туғызған жоқ», - деді Оңтүстік Африканың ауа райы қызметінің (Saws) өкілі BBC-ге.

11 шілде 2023, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.