Атырау, 6 қараша 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

СІМ қажылық "хикаясына" 2 аптадан соң жауап берді

714 просмотра

“Қасиетті мекенге барамыз” деп ниет еткендер “Zam-Zam Qazaqstan”-ға алданып, сан соғып қалған еді деп хабарлайды Адырна.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше жергілікті полицияда 110-120 ҚР азаматы ұсталған.

5 парыздың бірін өтеуге аттанғандардың хал-жағдайы туралы Сыртқы істер министрлігіне  редакция тарапынан 2023 жылдың 28 маусымында арнайы сауал жолданған еді. Алайда журналистік сұраққа 2 аптадан кейін, 10 шілде сағат 20:04-те кері жауап келді. Министрлік жолдаған хатта:

“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жоғарыда аталған сауалды қарастырып, келесіні хабарлайды.
Ү. ж. 27 маусымда Жидда қаласындағы ҚР Бас консулдықтын қызметкерлеріне Мекке қаласында қажылықты өтеу үшін арнайы қажылық визасы болмағандықтан жергілікті полициямен 110-120 ҚР азаматы ұсталды деген хабар келді.
Бас консулдықтың қызметкерлері Мекке қаласына жедел жетіп, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Яғни, полиция бөліміне барып, отандастарымызды босату бойынша полиция қызметкерлерімен жұмыс атқарды.
Қазіргі таңда қиын жағдайға тап болған барлық азаматтарымыз елге оралды”, - делінген.

11 шілде 2023, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.