Атырау, 6 қараша 04:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

ҰҚК Алматыда қауіпті қылмыстық топты ұстады

Сурет
791 просмотра

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдыра отырып, Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Арнайы операция барысында ҰҚТ 5 белсенді мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы «шолақ» мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленді», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында  сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

«Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр. Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

11 шілде 2023, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.