Атырау, 5 желтоқсан 20:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдауға келісті

861 рет қаралды

Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдауға келісті. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Столтенбергтің айтуынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы тезірек парламентке жіберуіне келіскен.
Бір жыл ішінде Анкара Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болды, ал дүйсенбіде Ердоған Брюссель Түркияны ЕО-ға қабылдау туралы келіссөзді қайта жандандырғанға дейін келісім бермейтінін мәлімдеді.
АҚШ президентінің мәлімдемесінде Джо Байден Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қабылдауына вето қоюға келісімін құптайтыны айтылған. Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель Twitter-дегі жаңалыққа «Вильнюстегі жақсы жаңалық» деп пікір білдірді.

11 шілде 2023, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.