Атырау, 27 қараша 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құрманғазы ауданының әкімі тағайындалды

1 394 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Құрманғазы ауданының әкімі лауазымына Абат ЖАНҒАЛИЕВТЫҢ кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Абат Жанғалиев 1977 жылы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округінде дүниеге келген. Мемлекеттік Батыс Қазақстан аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану» мамандығы, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Кейін «Шакупов» шаруа қожалығы тігу цехының тері өңдеушісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облыстық аймақтық басқармасының шекарадағы мал дәрігерлік-фитосанитариялық қадағалау бекетінің мемлекеттік фитосанитариялық инспекторы, аға инспекторы қызметінен бастап бөлімінің бастығына дейін көтерілді. 
2014 жылдан 2021 жылға дейін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымын атқарды. 2021 жылдан бастап бүгін тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қызметінде болды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ұсынған ӨКҚ

11 шілде 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.