Дүйсенбі күні Қытайдың Гуандун провинциясында ер адам балабақшада пышақпен шабуыл жасап, соның салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
BBC агенттігінің хабарлауынша, оқиға дүйсенбі күні болған.
«Полицейлер 25 жастағы жігітті ұстады. Шабуыл жергілікті уақыт бойынша 07:40-та болған», - делінген хабарламада.
Полиция құрбандар туралы мәліметтерді жариялаған жоқ. Бірақ шабуыл «алдын ала ойластырылған» деп атады.