Исатай ауданы Жанбай ауылында аумағы 42х40 м болатын ойын алаңы салынуы тиіс болатын. Онда шағын футбол алаңы және көше тренежары жоспарланды. Бұған мемлекеттік сатып алу аясында жергілікті бюджеттен 31 млн 109 мың теңге бөлінді.
Жанбай округінің әкімі Дидар ЕСМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, тендерді 19 млн теңгеге дейін баға түсірген «QAZAQ CONSTRUCTION» ЖШС жеңіп алды. Дегенмен, тәжірибеде көрсеткендей, «арзан» нәрсенің кері әсері де бар::
– Келісімшарт 25 мамырда жасалған, бірақ алматылықтар құрылыс жұмыстарын бір апта бұрын ғана бастады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор