Атырау, 27 қараша 18:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ауыл жолдары неге кешікті?

Сурет
1 699 просмотра

Исатай ауданындағы Х. Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарындағы жолдар өз мерзімінен кешігіп, жергілікті тұрғындардың ренішін тудырған болатын. Осыған орай «АЖ» тілшісі сол жерге барып, мән-жайды анықтауға тырысқан болатын.

Х. Ерғалиев ауылы. Жалпы ауыл бойынша көшеішілік жолдар 42 км құрайды. 2013 жылы 4 км астамы асфалтталған. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы жұмыс тоқтап қалып, 2022 жылы 8,6 км автокөлік, 4,3 км жаяу жүргінші жолы жасалуы тиіс болатын. Алайда бұл жұмыстарды тендер жеңімпазы «ПромСтройМонтажXXI» ЖШС жол төсеудің басын бастады да тастады. Тұрғындар жер сазды болғандықтан жаңбыр жауып, лайсаң болғанда немесе қар ерігенде көшеге шығудың қиындығын айтады. «Жедел жәрдем», такси көліктері бара алмайды, балшықта батып жатқандары. 

Тапсырысшы - аудандық ТКШ бөлімі өз «ПромСтройМонтажXXI» ЖШС-мен келісім шартты біржақты бұзу және жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз түсіреді. 

- Жалпы бұл жол төсеу жұмысына 900 млн теңге қаралған болатын. Сот болды, нәтижесінде ЖШС жосықсыз қатысушы деп танылмады, ЖШС-ге жұмысты жалғастыру жөнінде шешім шығарып берді. Биыл компания жол төсеу жұмысын қайтадан қолға алды. ЖШС басшылығының айтуынша өткен жылы қосалқы мердігерді осы жұмысқа тартқан, алайда дұрыс ұйымдастыру жұмысын жүргізе алмағандықтан өзара келісім шартты бұзған. Енді мердігер бар жұмысты өзі қолға алды,-дейді аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Ерболат МАҚАШЕВ. 

Өз кезегінде «ПромСтройМонтажXXI» ЖШС учаске бастығы Жандаулет ТИЛИГЕНОВ 15 көшенің автокөлік және жаяу жүргінші жолын осы жылдың қарашасында бітіруге күш салып жатқандығын жеткізді. Айтуынша материал жеткілікті, жолды тегістеу,  асфальт төсеу жұмыстары біртіндеп іске асуы тиіс. 

Тұщықұдық ауылы.  850 млн теңгеге бағаланған 2021 жылы басталған 8,4 км автокөлік, 6 км жаяу жүргінші жолы 2022 жылы аяқталуы тиіс болатын. Жаяу жүргінші жолының жұмысы толық аяқталғанымен автокөлік жолының 2 км астамы ғана жасалған. Бүгінде мердігер «Атырау жолдары» ЖШС-нің материалдың қымбаттауына орай қаржыны қайта қарау жөнінде ұсынысы қабылданды.

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

13 шілде 2023, 02:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.