Атырау, 27 қараша 19:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АМӨЗ қалыпты режимге көшті деп сендіріп отыр "Қазмұнайгаз"

712 просмотра

"Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ) Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) қалыпты режимге көшті деп сендіріп отыр, деп хабарлайды КазТАГ. 

"6 шілде күні «АМӨЗ» ЖШС-де мұнай өнімдерін шығару жұмыстары жанданды. 3 шілде күні сыртқы желіден электр энергиясының толықтай  өшірілуі салдарынан («МАЭК» ЖШС-дегі №1 энергетикалық блок жұмысының апатты тоқтауына байланысты) зауыт жұмысы апатты түрде тоқтаған болатын.

Қазіргі таңда баяу кокстеу қондырғысанан басқа өндірістің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді", - деп хабарлады жұма күні ҚМГ АМӨЗ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық компания мәлімдегендей, 9-шы шілдеде қондырғыны іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, АМӨЗ зауыт резервуарларындағы қор есебінен әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастырып отырғаны да айтылды. 

КМГ мәліметіне сәйкес 1-6 шілде аралығында кәсіпорын: АИ-92 автобензинін – 24 мың тонна; АИ-95 автобензинін – 9 мың тонна; дизель отынын – 40 мың тонна; әуе отынын – 3 мың тонна көлемінде жөнелтті.

"3 шілде күнгі сағат 17:25-те зауыт жұмысы «МАЭК» ЖШС жылу электр стансасында орын алған апаттан кейін тоқтатылған еді.    Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді. 3 шілде күні сағат 19:35-те KEGOC АҚ тарапынан электр энергиясын беру процесі қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр", делінген ҚМГ хабарламасында. 

7 шілде 2023, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.