Атырау, 21 желтоқсан 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теңіз жағасындағы қамыс тағы жанып жатыр

1 483 рет қаралды

6 шілдеде Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта қамыс жанды.

- 7 шілдеде Атырауда түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлады бүгін Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. – Каспий теңізінің жағалауын әуеден барлау нәтижесінде 5 жану ошағы анықталды. Өрттің жалпы аумағы - 10 га.

ТЖД ақпараты бойынша, түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ. 

Қамыс өртін сөндіруге ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдары (55 қызметкер, 13 бірлік техника, 2 мотопомпа және МИ-8 тікұшағы) жұмылдырылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 шілде 2023, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.