ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ АМӨЗ-ге барған кезде екі жыл бұрын осындай жағдай орын алды, бұдан сабақ алу керек еді деді. Оған зауыт директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ зауыт 9 шілдеде толық жұмыс істейтінін баяндады.
М.Досмұратовтың айтуынша, 2028 жылға қарай олар газ турбиналық станциясын салуды жоспарлап отыр. Премьер-министр айтылған мерзімге риза болмады:
– АМӨЗ стратегиялық маңызды нысан болғандықтан, зауытты тезірек энергиямен қамтамасыз ету үшін автономды газ турбиналық зауытын салу қажет. Кешіктірмеңіз, бұл жобаны алдағы екі-үш жылда жүзеге асыру керек.
АМӨЗ директоры журналистерге берген сұхбатында тек техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік сараптаманы, экологиялық сараптаманы дайындаудың өзіне екі жыл қажет екенін айтты.
«АЖ»-ның сауалына жауап берген ол зауытта «сыртқы жүйедегі» электр қуатының өшуінен апат болғанын айтты.
М.Досмұратовтың айтуынша, зауыттың өз қосалқы станциясы бар, бірақ оның қуаты үлкен емес, сондықтан әлдеқайда қуатты энергия көзін салу туралы шешім қабылданған.
Айнұр САПАРОВА
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор