Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Нұрқанаттың елордадағы жеңісі

Сурет
1 084 просмотра

Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ «Елорда Кубогы» халықаралық турнирі өтті.  Спорттық додаға барлығы 10 елден келген 200-ден астам боксшы қатысты. Жеңімпаздар арасында 75 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болған атыраулық боксшы Нұрқанат РАЙС бар.

- Үнемі қолдау көрсетіп, жекпе-жегіме, біріккен жаттығуларыма қатысып отыратын Шухрат Данбай бастаған Атырау бокс федерациясына алғыс білдіремін. Ұлттық құрамада спортшыға қажетті барлық жағдай жасалған. Алдағы мақсат үмітті ақтап, әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғау, - деді Райс Нұрқанат.

Айта кетейік, Нұрқанат Өзбекстан елінде өткен әлем чемпионатының қатысушысы және Азия чемпионатының жүлдегері.

Күш салып атқарған еңбектің нәтижесінде Болат Теміров, Владимир Кузнецов, Адик Бермешев, Сүндеткерей Қасанғалиев, Әдиет Үсенов, Мазафур Сарбалин, Мейрамғали Әбсенов сынды былғары қолғап шеберлердің сара жолын жалғастырған Атырау боксы жыл өткен сайын жаңа белесті бағындырып келеді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

5 шілде 2023, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.