Атырау, 6 маусым 00:58
 дождьВ Атырау +21.9
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Болгария Украинаның НАТО-ға кіруін қолдайды

910 рет қаралды

Болгария парламентінің сыртқы саясат комитеті соғыс аяқталғаннан кейін Украинаның НАТО-ға кіруін қолдау туралы декларация жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Декларацияда Украинада, Қара теңіз аймағында және Еуропада бейбітшілікті қалпына келтірудің жалғыз жолы - Ресей Федерациясының барлық егеменді мемлекеттердің халықаралық деңгейде танылған шекарасынан тез арада шығуы делінген.

"Бұл Украина үшін белгі - әйтеуір бір күні бейбітшілік орнайды деген үміт, Украина НАТО-ға қосылуға және біздің қауіпсіздігімізді бірге қамтамасыз етуге деген ұмтылысында Болгарияның қолдауына сене алады", - деп атап өтті декларацияның тең авторы Христо Иванов.

5 шілде 2023, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.