Атырау, 25 қараша 16:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда митинг өткізетін жер жоқ

2 276 просмотра

Атырау қаласының әкімдігі «тарифке қарсы» митинг өткізу туралы өтінішке, сол күні қалада бірде бір бос алаң болмайды деген жауап беріпті.

Естеріңізге салсақ, 8 сәуірде кәсіпкерлер тобы Қазақстанның Коммунистік (әбділдиндік) партиясы филиалымен бірігіп, қалалық әкімдікке 27 сәуірде коммуналдық тарифтерді көтеруге қарсы наразылық митингісін өткізу туралы өтініш берген еді Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен?» жарияланымын қараңыз). Ұйымдастырушылар (қалалық биліктің таңдауына қалдырып) 4 орынды: Исатай-Махамбет алаңын, Дина Нұрпейісова ескерткішінің алдындағы алаңды, Құрманғазы алаңын және облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңды атаған болатын.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Б.ҚҰСНИЕВТЫҢ қолы қойылған жауапта, 27 сәуірде митинг өткізу келесі себептер бойынша мүмкін болмайтындығы хабарланған: Исатай-Махамбет алаңында сол күні «Жастар есірткіге қарсы» акциясы, Дина Нұрпейісова ескерткішінің алдындағы алаңда «Өнерге қанат қаққандар» атты мәдени шара өтеді;  Құрманғазы алаңында – Карате кекушинкай федерациясы өнер көрсетеді; облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда облыстық футбол федерациясының спорттық шарасы болады екен.

Міне, осындай дәлелді себептер бойынша биліктер митинг өткізуден бас тартуға  мәжбүр болыпты. Оны ұйымдастырушылардың өз өтініштерінде 10 орынды көрсетпегеніне де шүкір.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 сәуір 2013, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.