Атырау, 23 қараша 21:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шойгу Пригожин көтерілісіне қатысты пікір білдірді

709 просмотра

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 23-25 маусымда елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей Қарулы Күштері басшылығымен селекторлық кеңесте сөйлеген сөзінде Шойгу Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің антына адалдығынан абыройлы аяқталғанын айтты.

"Тағы бір сұраққа тоқталмай кете алмаймын, оған біздің Жоғарғы бас қолбасшымыз жан-жақты жауап берді. Біз 23-25 маусымда Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті туралы айтып отырмыз. Бұл жоспарлар, ең алдымен, сәтсіз аяқталды. Қарулы Күштердің жеке құрамы антына және әскери борышына адалдық танытты", - деді Шойгу.

Шойгудың айтуынша, арандатушылық ресейлік әскерлер топтарының әрекетіне әсер етпеген, әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді жалғастыра береді.

Еске сала кетейік, 24 маусымға қараған түні "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин "әділет шеруін" бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін "арттан жасалған соққы" деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 маусымда түн ортасына қарай Пригожин "Вагнер" жауынгерлері Мәскеуге жетуіне 200 шақырым қалғанын және "қан төгілуі мүмкін сәт келгенін" хабарлады. Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко "Вагнер" басшысымен "күні бойы жалғасқан" сәтті келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.

Кейінірек Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын, ол Беларуське кететінін мәлімдеді. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" құрамындағыларды қудаламайтыны айтылды.

3 шілде 2023, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.