Атырау, 27 қараша 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Атырау» «Тобылмен» кездесуде есе жіберді

675 просмотра

2 шілде күні Қостанайда жергілікті «Тобыл» командасы мен «Атырау» арасында футболдан ел чемпионатының 14-турының матчы өтті.

Ойын алаң иелерінің басымдылығымен өтті. «Атырау» қақпасының алдында «қауіпті» сәттер бірінен соң бірі жалғасып жатты, бірақ қостанайлықтарға ақыры сәті түспеді, қақпашымыз Илья КАРАВАЕВ допты дарытпады. Меймандарға келсек, Атырауды көптен бері мұндай енжар күйде көрмеппін. Матч бойы «мұнайшылар» бірде-бір мүмкіндік жасаған жоқ!

52-минутта төреші меймандардың қорғаушысы Олжас КЕКИМЖАНОВТЫҢ екінші рет сары карточканы көрсетіп, алаңнан шығарып жіберді. Осыдан кейін кінәлі ойыншының бет-әлпетіндегі ұнамсыз «ишарасы» мүлдем орынсыз болып көрінді, өйткені ережені дөрекі бұзғаны айқын көрініп тұрған болатын.

Сан жағынан басымдыққа ие болған «Тобыл» шабуылын одан әрі жалғастырды, бірақ нәтиже болмады. Дегенмен, алаң иелерінің талпынысына қарай, 4-ші қосымша минутта «Атырау» қақпасына «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Жасұлан ЖҰМАШЕВ доп салып, есеп ашты. Айтпақшы, ол бірнеше минут бұрын ғана ауысымға шыққан еді. Қостанайлық футболшылар мен санаулы жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Ал меймандардың енді ештеңені өзгертуге уақыты да, күші де қалмады – кездесу 1:0 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды.

Еске салсақ, 8 шілдеде дәл осы командалар ел кубогының екінші жартылай финалдық матчында Атырауда кездеседі (біріншісінде «мұнайшылар» 0:1 есебімен жеңілді).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде 2023, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.