Жексенбі күні кешке Американың Балтимор қаласында белгісіз адам көшедегі адамдарға оқ атқан. Полиция мәліметіне қарағанда, өлгендер саны әзірге нақты емес. Жергілікті билік айтуынша, 28 адам ауруханаға түскен. 10 адамды Жедел жәрдем жеткізген, қалған 19-ы өздері барған.
Оқиға қаланың жүздеген тұрғыны Бруклин күнін атап өтуге жиналғанда болған.
АҚШ-та жұртқа қару кезеніп, жаппай оқ ату жиілей түскен.