Атырау, 23 қараша 21:03
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияда тәртіпсіздікке қатысқан 1100-ден аса адам қамауға алынды

510 просмотра
Сурет: ria.ru

Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1100-ден аса адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олардың көбісі 13 пен 14 жасар бозбалалар. 79 полицей жарақат алып, 234 ғимаратқа өрт салынған немесе зақым келген.

Жаппай тәртіпсіздік бірнеше ірі қалада болып жатыр. Арасында Париж, Марсель, Лион, Тулуза, Страсбург және Лилль бар. Еске салып кетсек, бүлік Нантере қаласында тәртіп сақшылары 17 жастағы жасөпірімді атып тастағаннан кейін басталды.

Полиция жол ережесін бұзғаны үшін жігіт тізгіндеген автокөлікті тоқтатпақ болған. Ал ол бұйрыққа бағынбай, тәртіп сақшыларын қағып тастамақ болғаннан кейін, қару қолданған көрінеді.

3 шілде 2023, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.