Атырау, 25 қараша 18:04
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не 7 млрд теңге айыппұл салынды

1 243 просмотра

29 маусымда Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 млрд теңге үстінде айыппұл салды.

Бұдан бұрын Атырау облысы бойынша экология департаменті кәсіпорында тексеру жүргізген кезде көмірқышқыл газының шекті нормадан асып кеткенін анықтаған. Бұл 2021 жылғы парниктік газдарды түгендеу кезінде жасалған есептің қорытындысында байқалған.

- «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не былтыр және биыл профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру түріндегі бақылау кезінде компанияға берілген парниктік газдар квоталарын белгіленген көлемнен асыра отырып пайдаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды экология департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда көрсетілген бұзушылық жойылғанға дейін квота қаражатын пайдалануға тыйым салу туралы талап-арыз берген. Соттың 10 мамырдағы шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды.

Бұдан басқа, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 329-бабымен іс қозғалды.  Соттың 29 маусымдағы қаулысымен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не 7 224 485 941 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды.

Айнұр САПАРОВА

2 шілде 2023, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.