Атырау, 23 қараша 20:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы жағдай: БАҚ Суровикин қамалғанын жазды, ЕО әскери миссиялар жіберілуі мүмкін екені жоққа шығармады

577 просмотра

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Вагнер" жасағының басшысы Евгений Пригожиннің қайда жүргенінен хабарсыз екенін айтты, Киев 2022 жылдың ақпан айынан бері халықаралық серіктестер Украинаға шамамен 170 млрд еуро бөлгенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • Ресей президенті Владимир Путин 24 маусымдағы оқиғаға байланысты халықтың билікті қолдау реакциясына күмәнданбайтынын айтты;
  • Германия канцлері Олаф Шольц қоғамдық телеарнаға берген сұхбатында Пригожиннің сәтсіз бүлігі Путинді әлсіретіп тастағанын айтты;
  • Украинаның қауіпсіздік кепілдігі Франция, Германия, Ұлыбритания және АҚШ-пен ұзақ мерзімді қаржыландыру, әскери жабдықтау, сарбаздарды оқыту және барлау мәліметтерін беру туралы екіжақты келісімдер ретінде ресімделеді, деп жазды Financial Times;
  • Кременная ауданында Украина Қарулы күштерінің шығыны он есеге артып, күніне шамамен 70 адамға жетті, деп жазады The Washington Post украин әскерінің дәрігерлеріне сілтеме жасап;
  • Украинаның Қарулы күштері оқ-дәрілер жетпей жатыр және күрделі қорғаныс кедергілеріне тап болып, ресейлік сарбаздардың саны басым боп тұр, деп хабарлады Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.
  • 2022 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық серіктестер Украинаға шамамен 170 миллиард еуро бөлді, деп хабарлады Украинаның Бақыланбайтын аумақтарды реинтеграциялау министрлігі Киль әлемдік экономика институтының деректеріне сілтеме жасап;
  • Украинадағы жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен шешуге ешқандай алғышарт жоқ, сондықтан қақтығыс жағасып жатыр, деді Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков;
  • Сондай-ақ Песков "Вагнер" жалдамалы жасағаның басшысы Евгений Пригожиннің қайда жүргенінен хабары жоқ екенін айтты;
  • Еуроодақ елдері "болашақ қауіпсіздікке кепілдік ретінде" мүшелердің келісімімен және қолайлы жағдайда Украинаға әскери миссиялар жіберуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп жазады Financial Times дереккөзге сілтеме жасап.
30 маусым 2023, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.