Ауданының ресми құрылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Киелі мекен - Кең Жылыой» деп аталған шара теңіз жағалауындағы амфитеатрда ұйымдастырылды.
Шара алдымен аудан шеберлерінің сәндік-қолөнер бұйымдары, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері, аудан тарихынан сыр шертетін ақын-жазушылардың кітаптарынан көрме және кәсіпкерлердің өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен басталды.
Ашылу салтанатында Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ пен Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр БАЙПАҚОВ, Ақтау қаласының әкімі Ербол ІЗБЕРГЕНОВ сөз алды. Сондай-ақ аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Айта кету керек, Ақтау жұртшылығы көрші облыстың меймандарын ыстық лебізбен қарсы алды. Шара мерекелік отшашумен аяқталды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдады