Стокгольм полициясы қала мешіті маңында кезекті Құран өртеу акциясына рұқсат етті. Акция өтетін маңға полиция шақырылған, деп хабарлады Азаттық радиосы швед ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Полиция өз шешімінде Швеция әкімшілік сотының қаулысына сүйенген. Сәуір басында әкімшілік сот Швеция сыртқы істер министрлігінің Құран өртеу акциясына тыйым салу туралы шешімінің күшін жойған. Сот жиналу еркіндігі Швецияның Конституциямен қорғалғанын атап өткен.
Қаңтар соңында Стокгольмде әсіреоңшыл белсенді Расмус Палудан Түркия елшілігі алдында Құранды өртеген. Бұдан соң Анкара Швецияның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін мақұлдамай қойған. Біраз уақыттан соң екі ел арасында келіссөз жалғасты, алайда Түркия Швецияны солтүстікатлантикалық одаққа қосуға келісім берген жоқ.