Атырау, 27 қараша 20:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраулық депутат мүгедектігі бар адамдарды шипажайда оңалту шығындарын өз қолдарына беруді ұсынды

1 115 просмотра

«Amanat» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында мүгедектігі бар адамдарды шипажайда оңалту шығындарын өз қолдарына беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық мәслихат депутаты Гүлназ Қосмырзиева форумның панельдік отырысында мүгедектігі бар адамдарды шипажайда оңалту шығындары тиімсіз игеріліп жатқанын мәселе етіп көтерді.

«Осында отырған мүгедектігі бар азаматтардың бәрі келісетін шығар. Шипажайларға бізге қызмет көрсету үшін бөлінетін қаражатты монетизациялауды ұсынамыз. Әсіресе арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдар ешбір шипажайға қол жеткізе алмай жүр. Биыл мемлекет бір мүдегедектігі бар адамға 200 мың теңгеден астам қаражат бөліп отыр. Бірақ біз соның игілігін көріп, санаторийге барып жатқан жоқпыз. Өтініш, осы ақшаны мүгедектігі бар адамдардың өзіне беріңіздерші. Ол ақшаны өзіміздің игілімізге жұмсағанымыз жақсы. Өйткені қызмет көрсетушілер жөнді қызмет көрсетіп жатқан жоқ», - деді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген вице-премьер Тамара Дүйсенова мәселе біртіндеп жолға қойылатынын айтты.

«Бұл мәселеде біз 1 шілдеден бастап жан басына шағып қаржыландыруды бастаймыз. Әрі қарай дамыта келе, монетизацияға жетеміз. Қазір пилоттық жоба басталады, 1 шілдеден бастап деп отырмын», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

29 маусым 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.