Атырау, 28 желтоқсан 10:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тұтынушылар жылу берушілерге қарсы. Талап арыз cот "аралап" жүр

939 просмотра

Жеке жылу есептегіш құралдарының иелері мен «Атырау ЖЭО» АҚ арасындағы хикая екінші жыл жалғасуда.

Еске салсақ, өткен жылдың басында «АЖ»-ға пәтерлеріне жеке жылу есептегіш құралдарын (ЖЕҚ) орнатқан Атырау қаласының бір топ тұрғыны жүгінген болатын. Алайда, белгілі болғандай, қолданыстағы заңнамада ЖЕҚ иелеріне арналған сараланған тариф болмағандықтан оларды көрсеткіштері бойынша төлеу мүмкін емес. Сондықтан, төлем шоттары тұтынушыларға үйдегі ортақ есептегіштердің көрсеткіші бойынша келеді, алайда бұрын сот АЖЭО-ғын ЖЕҚ-ын тіркеуге міндеттеген болатын.

Осыған байланысты, 2022 жылдың наурыз айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ЖЕҚ иелерінен орташа тариф бойынша, яғни тұтынушылардың әлдебір санатына байламай, төлем алуды талап етіп, жылу компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді.

Жарты жыл мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот (МАЭС) түрлі себептермен істі қарауды кейінге қалдырды, судьялар ауысты, бір рет талап арыз қараусыз қалдырылды, сондықтан процесс тек қараша айында басталды. 

Бірақ бірқатар отырыстан кейін МАЭС судьясы Жадыра НҰРҒАЛИЕВА күтпеген жерден департамент жеке тұлғалардың мүддесін қорғайтындықтан, талап арызды қалалық сотқарауы керек деп шешті. Өйткені МАЭС заңды тұлғалар арасындағы істі қарайды. Нәтижесінде талап арыз екінші рет қанағаттандырусыз қалдырылды.

- Экономикалық соттың уәждерімен келіспей, азаматтық істер жөніндегі облыстық алқаға жеке шағым түсірдік, - дейді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Әлем УӘЛИЕВ (қайта құрылғаннан кейін қазір талап қоюшы ведомство осылай аталады). – Алайда, 2023 жылдың 28 ақпанында МАЭС ұйғарымды өзгеріссіз қалдырды, ал шағым қанағаттандырылмады, біз де қалалық сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Дегенмен іс соттылығы бойынша МАЭС-те қаралуы тиіс.

Қалалық сотта да талап арыз ұзақ жатпады. Судья Данияр САРИЕВ тараптар ... заңды тұлға болғандықтан оны МАЭС қарауы тиіс деп есептеп, талап арызды үшінші рет қараусыз қалдырып, кері жолдады. Бір қызығы, екі судья да мұндай шешім қабылдағанда АІЖК-нің бір нормасына сілтеген. Судьялар бір-біріне сілтеуді тоқтатып, дауға қашан нүкте қояды деп екінші жыл күткен қырсық шалған есептегіштің иелері болмағанда, бұл жағдайды күлкілі деп атауға болар еді. 

- Екі сот актісі де бір-біріне түбегейлі қарама-қайшы келетінін ескеріп, біз алқаға тағы да шағым түсірдік. Алқа 6 маусымда оны қанағаттандырып, істі қалалық соттың қарауына жіберді, - деп сөзін түйіндеді Ә.Уәлиев.

Лев ГУЗИКОВ

29 маусым 2023, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.